Мектепке дейінгі ұйымға келмейтін балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт
Құрметті ата-аналар!
Алғабас ауылындағы «Балауса» бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйымға келмейтін балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт жұмыс жасайды. Егер баланы тәрбиелеу, оқыту, дамыту немесе денсаулығын нығайту мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болса, меңгерушіден, әдіскерден, педагог-психологтан, тәрбиешіден, дене шынықтыру нұсқаушысынан, медбикеден және арнайы мамандардан кеңес алуға болады. Біздің консультациялық пункт ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, баланың жан-жақты дамуына кеңес беруге бағытталған.
Консультациялық пунктің жұмыс кестесі:
Дүйсенбі: 09.00-12.00
Бейсенбі: 14.00-17.00
Хабарласып жазылуға болады.
Мекенжайы: Алғабас ауылы, Батыржан көшесі №38.
