Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Балабақша

Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысын өткізді

2023 жылғы 12 сәуір

Қасым - Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми - техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды.

 Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.

- Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы - білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Осы өзекті мәселе бойынша сайлау алдындағы бағдарламада арнайы өз пікірімді айттым. Себебі ғылымды дамыту - мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек, - деді Қасым - Жомарт Тоқаев.

Президент ғылым мен технологияның өте қарқынды дамып жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, ғылым саласы қаржы айналымы миллиардтаған долларды құрайтын алып индустрияға айналды. Технологиялық ірі корпорациялардың құны триллион долларға жеткен. Нейрожелі және жасанды интеллект революциялық үдерістерге бастау болып жатыр.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-prezident-zhanyndagy-gylym-zhane-tehnologiyalar-zhonindegi-ulttyk-kenestin-otyrysyn-otkizdi-123954