Жетісу облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылы, «Балауса» бөбекжай-балабақшасында 2024 жылдың 5 маусым күні "Балдырған" ортаңғы тобы мен "Күншуақ" ересектер тобының тәрбиешілері Ш. Қасымжанова мен С. Алданыш тәрбиеленушілерге көрме көрсетті. Тақырыбы: "Салт-дәстүр қазынасы". Мақсаты: балаларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, балалардың бойында адамгершілік пен имандылық қасиеттерін қалыптастыру. @koksu_bilim