Бүгін Бикен Римова атындағы Талдықорған қалалық қазақ драма театрында тамыз кеңесі өтті. Биылғы жылы дәстүрлі тамыз кеңесі алғаш рет «Digital Kazakhstan: Жаңа замандағы білім беру» педагогтерінің республикалық тамыз саммиті ретінде өткізілді. Ал бүгінгі облыстық шара «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында болды. Білім күні қарсаңындағы маңызды жиынға қатысқан облыс әкімі Бейбіт Исабаев баршаны алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, саланың үздіктерін марапаттады. Марапаттарыңыз құтты болсын!