Жетісу облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылы, «Балауса» бөбекжай-балабақшасында 2024 жылдың 6 маусым күні "Балдырған" ортаңғы тобы мен "Күншуақ" ересектер тобының тәрбиешілері Ш. Қасымжанова мен С. Алданыш тәрбиеленушілерге жолда жүру ережелерімен таныстырды. Тақырыбы: "Қауіпсіздік пен мейірімділік әлемінде". Мақсаты: балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, есінде сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін сақтауды және өз өмірлерін қорғауды тәрбиелеу. @koksu_bilim